Аймақтар
1 мин оқу 570

БҚО-да көлік аударылып, екі адам мерт болды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып екі адам мерт болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 17 қазан күні Чапаев-Жалпақтал-Казталов жолының 84-шақырымында болды.

«Нива Шевроле» автокөлігінің доңғалағы жарылып, аударылған.

Соның салдарынан 51 жастағы жүргізуші мен 40 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
БҚО-да көлік аударылып, екі адам мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар