Жансая Әбдімәлік үнді суперлигасында командасына жеңіс сыйлады
<p style="text-align: justify;">17 қазан күні қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік бірінші үнді суперлигасында өзінің Pivotal Pawns командасына чемпиондық жеңіс әкелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Айналмалы ойын жүйесі бойынша бес күндік іріктеуден кейін алты команданың ішінде ең мықты төртеуі: Pivotal Pawns, The Kingslayers, Brutal Bishops және Ruthless Rooks нокаутта күш сынасқан. Бірінші ойында Pivotal Pawns-тың The Kingslayers командасымен ойыны 3:3 есебімен аяқталды, ал Brutal Bishops командасымен өткен екінші матчта Pivotal Pawns 2:4 есебімен жеңіске жетті.
Одан кейін The Kingslayers командасымен екі тең ойын өтті. Осылайша, жеңімпазды анықтау үшін әйелдер арасында армагеддон белгіленіп, онда Жансая қарсыласы – Грузия шахматшысы, гроссмейстер Нана Дзагнидзені (The Kingslayers) ұтты.
Еске сала кетсек, 11-17 қазан күндері үнділік стендап-әзілкеш, шахмат тримері Самай Райна, Nodwin Gaming ойындар шығару және киберспорт жарыстарын өткізу компаниясы, сондай-ақ Үндістанда шахмат туралы ең ірі жаңалықтар порталы ChessBase India-ның ұйымдастыруымен бірінші үнді суперлигасы өткізілді.