Спорт
1 мин оқу 401

Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ командасын жеңді

<p style="text-align: justify;">Регбиден Қазақстан ерлер командасы бірлескен оқу-жаттығу жиындары аясында БАӘ құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Регби-7 бойынша ерлер ұлттық құрамасы Алматы қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Жаттығу жиындары аясында 16-17 қазан күндері қос команда өзара кездесіп, жарыс өткізді. Алғашқы жарыс күнінде Қазақстан 24:14 есебімен ұтып, екінші ойында 12:7 есебімен есе жіберді. Ал екінші ойын күнінде отандық регбишілер 24:12 және 22:7 есебімен БАӘ құрамасын жеңді.

Айта кетерлігі, регби-7 бойынша БАӘ ерлер құрамасы Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері.

Бөлісу:
Регбиден Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ командасын жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар