Аймақтар
2 мин оқу 530

Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды

<p style="text-align: justify;">Балқаш қаласының іргесіндегі Қоңырат шағын ауданының ежелден келе жатқан өзекті мәселесі бар-тын. Бүгінге дейін аталған елді мекеннің тұрғындары үйлерін ескірген қазандықпен жылытып келген еді. Қазандық қуатының жетіспеушілігіне байланысты әр жылыту маусымында қоңыраттықтар суықтан қатты зардап шегетін.</p>

Орталықтандырылған  жылу жүйесіне қосылды

Енді бұл шағын аудан жылуды Балқаш жылу-электр стансасынан тікелей алады. Бұл мақ­сат­та биыл аталған ЖЭО-дан ұзын­дығы 17 шақырым болатын жаңа жылу магистралі тартылып, қазірдің өзінде әлеуметтік нысан­дар мен алғашқы 145 үй орта­лық­тандырылған жылу жү­йе­­сіне қосылды.

Жылу магистралінің «Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бо­йынша салынғанын айта кеткен жөн. Мұндағы төрт сорғы стан­сасында 20-ға жуық жаңа жұ­мыс орны ашылған.

Жалпы, жылумен бірге Қо­ңырат­қа әлеуметтік тұрғы­да­ғы басқа да игіліктердің келе бас­та­ғаны рас. Мысалы, елді мекенде алдағы уақытта жаңа тұрғын үйлер салына бастайды. Нақтырақ айтқанда, 300 пә­терден тұратын алты үй бой кө­термек.

Бұдан бөлек, Қоңыратта қазірдің өзінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке инвестициялар есебінен әрқай­сы­сы екі пәтерден тұратын то­ғыз үйдің құрылысы жүріп жа­тыр. Сонымен қатар 20 пәт­ерлік он үйдің құрылысы да аяқ­­талуға таяу. Жергілікті билік бұл пәтерлердің кезекте тұрған­дар­ға жалға алу шартымен бері­ле­тінін айтады.

Қоңырат шағын ауданының орталықтандырылған жылу жү­йе­сіне қосылуы аумақтың эко­ло­ги­ясына да оң әсерін айтар­лықтай тигізеді деген болжам бар. Мәселен, бұрын жылыту мау­сымында көмір жағатын жерг­і­лікті қазандықтардан қыз­мет көрсету кезінде атмосфераға ша­мамен 51 тонна залалды шыға­рындылар тарайтын. Енді жағдай мүлде басқаша сипат алып, ауа улы қалдықтармен ластанбайтын болады дегенді айта­ды жергілікті биліктің жауапты өкілдері.

Қоңырат елді мекенінің қа­быр­­ғасы 1928 жылы осы маң­нан ірі мыс кеніші ашыл­ған­нан кейін іле-шала қаланған. Ал 2013 жылы ол Балқаш қаласының құрамына қосылып, шағын аудан ретінде атала бастады. Екі жыл бұрынғы санақ мәліметіне сай мұнда 2 753 адам тұрады.

Бөлісу:
Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар