Спорт
1 мин оқу 350

Бәрекелді, Виктория!

<p style="text-align: justify;">Түркістан қаласында үстел теннисінен 2008 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өткен Қазақстан чемпионатында Қарағанды облысының намысын қорғаған Виктория Мочалкина абсолютті жеңімпаз атанды.</p>

Бәрекелді, Виктория!

Атап айтқанда 12 жастағы дарынды спортшы қыздар командасы сапында, жекелей бі­ріншілікте, қыздар жұбы және аралас жұп бойынша өткен са­йыстарда жеңіске жетіп, төрт бірдей алтын жүлдеге ие болды.

Виктория Мочалкина жеті жылдан бері үстел теннисімен айналысады. Қазірдің өзінде оның қол жеткізген табысы ай­тарлықтай. Мысалы, ол өз жас санаты бойынша еліміздің бірнеше дүркін чемпионы атан­ған, 21 жасқа дейінгілер ара­сындағы командалық есепте Қазақстанның чемпионы болған.

Виктория үстел теннисінің өзіне қатты ұнайтынын айтады.

–  Бұл өте қызықты спорт түрі. Адамды өзіне баурап алады, сонан кейін, реакция­ны қатты дамытатын ойын. Өткен чемпионатқа келсек, ол маған соншалықты қиын бол­ған жоқ. Қарсыластарымның барлығымен бұрын күш сы­насқанмын. Бұл жерде еш қо­балжымау керек. Сонда ғана жеңіс сенің жағыңда болады, – дейді балғын чемпион.

Виктория сынды талантты спортшыны үстел теннисінен Ұлттық құрама команданың бас бапкері Эльмира Әлиева жаттықтырады.

Қазіргі уақытта еліміздің су жаңа чемпионы Алматы қала­сында 28 қазан мен 3 қараша аралығында жасөспірімдер арасында өтетін халықаралық «Алтын күз» турниріне дайындалып жүр.

Бөлісу:
Бәрекелді, Виктория! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар