Аймақтар
1 мин оқу 690

Суретшілер үйі ашылды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Төле би ауданында халық&shy;ара&shy;&shy;&shy;лық деңгейде та&shy;ныл&shy;ған суретшілер көп. Ел Тә&shy;&shy;уел&shy;сіздігінің 30 жыл&shy;дық мерекесі аясында Ақ&shy;құм ауы&shy;лында &laquo;Сурет&shy;ші&shy;лер үйі&raquo; ашылды. Өнер ор&shy;та&shy;лығының ашылуына осы өлкенің тумасы, Қа&shy;зақ&shy;стан Суретшілер ода&shy;&shy;ғының мүшесі Құт&shy;ты&shy;бек Жа&shy;қыпов мұрындық болды.</p>

Суретшілер үйі ашылды

«Суретшілер үйінің» ашылу салтанатына аудан әкімі Төлеген Телғараев, ауданның құрметті аза­маты, мәдениет жанашыры Күлия Айдарбекова, Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұ­баниязов қатысып, жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сондай-ақ мәдениет үйінде еліміздің өңірлерінен және шетелдерден келген өнер иелеріне Құттыбек Тыныбекұлының туындылары таныстырылып, өнер иесінің «Төлеби – Ұлы дала ме­ке­нім» атты шығармашылық кеші өтті. «Ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тұрмыс тіршілігін бейнелі әрі көр­кем түсіндіретін халықаралық деңгейде ұйымдастырылып жат­қан «Төлеби – Ұлы дала ме­кенім» атты суретшілер плэнеріне көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеті мен Нұр-Сұлтан, Алма­ты қалаларынан халықаралық дәрежедегі сурет шеберлері келіп отыр. Плэнермен бірге жас сурет­шілердің шығармашылығына сер­пін беретін облыстық «Бір өлке – бір сурет!» атты жас суретшілер симпозиумының өтуі де көп жайтты аңғартады», дейді аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы.

Бөлісу:
Суретшілер үйі ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар