Аймақтар
1 мин оқу 250

Ақтауда ер адам биіктен құлап мерт болды

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қазанда сегізінші шағын ауданның сегізінші үйінде болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтауда ер адам биіктен құлап мерт болды

Полиция департаментінің жедел басқару орталығына сағат 19:04-те қоңырау түскен. Ер адам биіктен құлаған кезінде алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

«1951 жылы туған ер адам бесінші қабаттан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Аталған факті Ақтау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Ақтауда ер адам биіктен құлап мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар