Коронавирус
1 мин оқу 232

Атырауда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облысында 97 бала коронавирус инфекциясымен ауырып жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарларда 212 науқас емделіп жатыр.

«Инфекциялық стационарлардағы науқастардың арасында 4 бала мен 5 жүкті әйел бар. Ал, үй жағдайында ем-дом қабылдау үшін 93 бала мен 7 жүкті ана оқшауланған. Жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 15 науқас жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Бөлісу:
Атырауда 100-ге жуық бала коронавирус жұқтырған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар