Аймақтар
1 мин оқу 284

Теміртауда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Теміртауда жол апатынан 37 жастағы әйел көз жұмды. Оны жаяу жүргіншілер өткелінде жас жүргізуші қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға 18 қазанда, сағат 06:30 шамасында болды.

22 жастағы RAV4 автокөлігінің жүргізушісі Б.Момышұлы даңғылымен жүріп, «Вилла» мейрамханасының маңында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолдан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жеңіл көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 37 жастағы қала тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бұл факт тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Теміртауда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар