Елорда
1 мин оқу 245

Елордада тәулік ішінде 86 қылмыстың беті ашылды

<p style="text-align: justify;">Елордалық полицейлер бір тәулік ішінде 86 қылмысты ізін суытпай ашты. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Оралов айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өткен аптада 115 қылмыс жасалды. Оның 86-сын полицейлер тәулік ішінде ашты. Полиция денсаулыққа ауыр зиян келтіруге байланысты үш қылмысты, 9 алаяқтық фактісін, екі тонауды, бір автокөлік ұрлауды, 25 бөтеннің мүлкін ұрлауды және есірткіге қатысты 13 қылмысты ашты», деді ресми өкіл.

Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында 594 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бір адам қаза тауып, 10 адам ауыр дене жарақатын алған.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда сергек болуға шақырады.

Бөлісу:
Елордада тәулік ішінде 86 қылмыстың беті ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар