Өнер
1 мин оқу 460

Симфониялар салтанаты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Астана Операның&raquo; үлкен залында Қазақ&shy;станның еңбек сіңірген қайраткері, маэстро Абзал Мұхитдиннің &laquo;Үш дәуір &ndash; үш тағдыр&raquo; ат&shy;ты кеші өтіп, тыңдар&shy;мандарға Антон Брук&shy;нердің №7 симфониясы ұсынылды.</p>

Симфониялар салтанаты

Бұл кешке ХVIII, ХIХ және ХХ ғасырдағы үш ұлы композитор – Иоганн Себастьян Бах, Антон Брукнер, Бела Бартоктың туындылары бекер таңдалған жоқ, олардың өмірі де шығармаларымен тығыз байланысты. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі тыңдармандарды неміс бароккосы, бергі аустриялық-неміс романтимзі мен мажар музы­калық классикасының жаңа қырларымен таныстырды.

− Шын мәнінде, бұл – елордамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Астанада бұрын орын­дал­маған Антон Брукнердің №7 симфониясының шебер ды­бысталуына қол жеткізу үшін оркестрмен көп дайындалдық. Бұл кемеңгер Брукнердің Рихард Вагнерді еске алуға арналған ең шабытты да әсерлі шы­ғармаларының бірі деп есептеймін. Мадақ өлең­нің соңында жарқ еткен ұранмен аяқталу үшін әмбебап, кең ауқымға көтеріледі, − деп атап өтті Абзал Мұхитдин.

Сонымен бірге концерт бағдарламасына Бела Бартоктың шығармасы да енгізілді. Айта кетейік, биыл мажар композиторының туғанына 140 жыл толып отыр. ХХ ғасырдың жаңашыл музыканты Б.Барток – көптеген камералық туындының, оның ішінде ішекті аспаптар квартеттерінің, фортепианоға арналған музыканың авторы. Осы кеште Ішекті аспаптар оркестріне арналған дивер­тисменттің орындалуы көрнекті композиторға керемет тарту санайды. Сондай-ақ атақты композитор И.Бахтың әсем де нақышты №3 Бранденбург шы­ғар­масы да талғампаз көрерменге тосын сый болды.

Бөлісу:
Симфониялар салтанаты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар