Оқиға
1 мин оқу 290
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 20 қазан күні cағат 07:04-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 58 шақырым жерде, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
«Энергетикалық класы – 9.3. MPV магнитудасы - 4.0. Жер сілкінісі эпицентрінің бағыты - 42.92° с.е. 77.52° ш.б. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезінушілік туралы мәліметтер жоқ», делінген кезекші оператордың хабарламасында.
Бөлісу: