Экономика
2 мин оқу 490

Ұлттық банк студенттерді жұмысқа шақырды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстан Ұлттық банкі талантты жастарды қаржы ұйымының құрылымында жұмыс істеуге тарту мақсатында өндірістік тәжірибеден өткізу үшін жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдайды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қатысушылар тапсыратын өтінім 2021 жылғы 20 қазаннан 20 желтоқсанға дейін қабылданады Үміткерлер келесі талаптарға сәйкес болуға тиіс:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша соңғы курсында оқу; Үлгерімнің орташа балы (GPA) – кемінде 3.0 (білімді бағалаудың 4 балдық жүйесі кезінде) немесе кемінде 4.0 (білімді бағалаудың 5 балдық жүйесі кезінде).

Іріктеуге қатысу үшін мынадай құжаттар керек:

Тіркеу формасы; Жоғары оқу орынның басшылығынан немесе жоғары оқу орынның факультет басшылығынан ұсыным хат;

Үлгерімнің орташа балын (GPA) көрсете отырып, өткен пәндер мен олар бойынша бағалар (транскрипт) көрсетілген құжат;

Оқу орыннан студенттің жоғары оқу орнында оқитынын растайтын анықтама;

Қосымша келесі құжаттар да ұсынылуы мүмкін: Шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттардың көшірмелері (IELTS, TOEFL және т.б.);

Сертификаттардың, грамоталардың, дипломдардың және т.б. көшірмелері.

Бүкіл құжатты мына электрондық поштаға жіберу қажет: nargiz.kurmangozhayeva@nationalbank.kz.

Өндірістік тәжірибе кезінде Ұлттық банктің барлық қызмет бағытынан өтуге болады. Студенттер өздері алған теориялық білімді өндірістік тәжірибеде бекітуге және дипломдық/магистрлік жұмыстарды жазуға қажетті материалдарды жинақтауға мүмкіндік алады.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өндірістік тәжірибе офлайн режимде де, қашықтан да өтуі мүмкін.

Бөлісу:
Ұлттық банк студенттерді жұмысқа шақырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар