Атырауда 6-шы қабаттан 5 жасар қыз құлап кетті
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырауда 6-қабаттан құлаған 5 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бүгін, 20 қазанда сағат 15:05-те жедел жәрдемге шақырту түскен.
«Бүгін облыстық балалар ауруханасына Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан тұрғын үйдің 6-қабатынан құлаған 5 жасар қыз жеткізілді.
Жансақтау бөліміне түскенде оның жағдайы өте ауыр еді. Науқаста жабық бас-ми жарақаты болған. Жамбасы сынған, ішкі ағзасы зақымданған. Дәрігерлер 5 жасар қыздың өмірін сақтап қалу үшін емдеу шараларын жүргізді. Алайда, ауыр жарақат алған науқас жансақтау бөлімінде көз жұмды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.