Жаңалықтар
1 мин оқу 186
Телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында екі мемлекеттің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың басымдығы бар бағыттарын талқылады, сондай-ақ, сауда-экономикалық саладағы өзара ықпалдастықты жандандыру жолдарын айқындады.
Бұдан бөлек, 2014 жылғы маусымда Түркияда өткізу жоспарланған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің алдағы саммитіне дайындық мәселелері сөз болды.
Бөлісу: