Аймақтар
3 мин оқу 430

«Демеу» жобасы ауылды демейді

<p style="text-align: justify;">ҮЕҰ мен бастамашыл топтарға арналған 60 шағын грантты беру бойынша конкурстың сарапшылар комиссиясы ауылдарда заңгерлердің, терапевтердің және психологтердің консультациясын өткізуде жеңімпаздарды анықтады.</p>

«Демеу» жобасы ауылды демейді

«Демеу» әлеуметтік жобасы ден­саулық сақтау, құқықтық және пси­холо­гиялық көмек саласында ха­лық­­ты қолдауға бағытталған. Оны жүзе­ге асыру барысында психологтерден, дәрігер-терапевтерден және заңгер­лерден тұратын 60 бас­та­машыл топ ауыл тұрғындарын мем­лекеттік бағ­дар­ламалар жө­нінд­е ақ­па­рат­тан­ды­рып, әрбірі үш немесе одан да көп ауыл­дарда 300 консультация өткі­зеді. Азаматтық бастамалар­ды қол­дау ор­та­лы­ғының мем­л­е­кеттік гранттық қаржы­лан­дыру жөніндегі Жоба­лық кең­се­сінің директоры Жасұлан Бисем­баев­тың айтуын­ша, бұл ретте ең алдымен, ҮЕҰ-ның әлеуетін мемле­кеттік бағ­дарламаларды ауыл­дық­тар­ға түсінікті тілде жет­кізу науқанына тартуға баса на­зар аудары­лып отыр. Ол сонымен бірге ауыл-ай­мақ­­тарда кәсіпкерлікті дамытуға сер­пін беретін болады.

«Бұл – өте маңызды жоба. Мем­лекет басшысының Қазақс­тан халқына соңғы Жол­дауын­да қойған міндет­тер­мен үйлеседі. Жобаның идеясы неде? Мем­ле­кет ең бірінші кезекте ха­­лық­ты әлеуметтік тұрғыда қол­дау­ға міндеттелген әртүрлі мем­­лекеттік бағдарламаларды іске асырып жатыр. Алайда іс жүзінде халық, өкінішке қа­рай, белгілі бір мемлекеттік бағ­дарламаға қатыса аларлық мүмкіндіктері туралы білмейді. Көп жағдайда бағдарламалар «бюрократиялық», іскерлік тілде жа­зылатындықтан көп адам түсіне бермейді. Сол себеп­ті коммуникацияны жақ­сар­­туда, ұғымдық ақпа­рат­ты кө­теруде үкіметтік емес сек­тор­дың әлеуетін тартудың үлкен мүмкіндігі барына көз жет­кіз­дік. Себебі ҮЕҰ – дәл сол адамдар мен қоғамдық ұйымдар, бірақ олар белсендірек, азаматтар белгілі бір мемлекеттік бағ­дар­ламаның әлеуетін түсі­нік­ті тілде түсін­ді­ріп бере алады. Себебі мемлекеттік бағ­дар­ламалардың орасан көп бөлігі ауыл шаруашылығын дамытуға, агросекторды қол­дау­ға, субсидия алуға, ауыл­да әртүрлі жобаларды қосымша қар­жыландыруға бағытталған. «Демеу» ауылдағы кәсіпкерлік бастамалардың тиімді әрі оңды өсіміне айналар деген сенім­де­міз», дейді Ж.Бисембаев.

Сонымен қатар, Азаматтық бас­та­ма­лар­ды қолдау орта­лы­ғы­ның мемле­кет­тік гранттық қар­жы­ландыру жөніндегі Жобалық кеңсе директорының айтуынша, «Демеу» жобасы денсаулық дең­ге­йіне және ауыл халқының жал­пы пси­хо­ло­гиялық көрсет­кіш­теріне оң әсер етуі мүмкін.

«Жобаның екінші ком­по­нен­ті медицинамен байланысты. Коронавирус инфекциясы тараған қазіргі күрделі кезеңде адамдар қорғану, вакциналау, шектеу шараларына байланысты мәселелер бөлігінде қа­жет­ті консультация­ларды алу арқылы өз-өздерін қауіптен қор­ғай алады. Бұл консультациялар халық­тың денсаулығына оң әсер етеді. Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – пси­хо­логиялық ден­сау­лық. Бүгінгі таңда мемлекет те, үкіметтік емес сек­тор да халық­тың психологиялық ден­сау­лы­ғына көбірек назар ауда­ра­ды. Бұл – тех­нологиялық жа­һандық дамуда өте маңызды сәт. Әңгіменің бәрі әлеу­мет­тік желілерде айтылады, оффлайн коммуникация азайып кетті, мұның арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Суицидтің, атап айтқанда, бала­лар­дың өз-өзіне қол жұмсауының елдегі қылмыстың жиілеуі де содан. Мұның бәрі психология мәселелерімен бай­л­а­нысты тұлғааралық қаты­нас­тар­ға байланысты. Бұл жоба өзінің оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз», дейді ол.

«Демеу» жобасымен аз қам­тыл­ған азамат­тар­ға ма­те­риалдық және гума­­­­ни­­тар­лық көмек көр­се­ту үшін кә­сіп­­кер­лерді, қайы­рымдылық қор­ла­рын тарту көз­деледі. Жоба 2021 жыл­дың соңына дейін жүзеге асырылады. Ж.Бисембаевтың айтуынша, табысты нәти­желерге қол жеткен жағдайда жобаны жалғастыруға мүмкіндік бар.

«Бұл жобамен еліміздің барлық өңірін қамтимыз. Кем дегенде 180 елді­мекен қам­ты­ла­ды. «Демеу» іске асы­ру­дың белгілі бір нысаны болады. Егер сәтті болса, оны жүзеге асы­руды АБҚО қызметі шең­бе­рінде жалғастыруға немесе өңірлік деңгейлерде іске асыруға ұсы­нуға болады. Бұл жобаны қолдауға мүд­де­лі басқа да ұйымдар болуы мүм­кін», деді мемлекеттік гранттық қар­жы­лан­дыру жөніндегі Жобалық кең­сенің директоры.

Бөлісу:
«Демеу» жобасы ауылды демейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар