ANTIKOR
2 мин оқу 1,270

Қылмысқа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру қажет

<p class="2017-" style="margin-left: 0cm; text-align: justify;">Бүгінгі таңда &laquo;жұртқа жақын полиция&raquo; қағидатын іске асыру, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін модульдік бекеттер мен учаскелік пункттер желісін дамыту, жұмысты &laquo;сервистік моделіне&raquo; көшіру, полиция қызметтерінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен &laquo;кері байланыс орнату&raquo; мәселелері маңызды.</p>

Қылмысқа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру қажет

Таяуда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғым­баев­тың жетекшілігімен өткен алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орын­­далу барысы және ішкі істер органдарының осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қоры­­тын­дылары туралы баяндалды. Осы жиында белгілі болғандай, қабыл­данған шаралардың нәтижесінде ауыр қыл­мыс­тар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық санының азаюына қол жеткізілді. Оң үрдістердің ішінде кәмелетке тол­мағандар арасындағы құқық бұзу­шылықтар 30%-ға, мас күйінде құқық бұзушылық жасау 21%-ға, қоғамдық орындар мен көшелерде орын алған құқық бұзушылықтардың үштен бірге азаюын атап өту қажет. Бір­қа­тар өңір­де отбасылық-тұрмыс­тық қылмыс айтар­лықтай төмендеген.

Сонымен қатар министр интернет-алаяқтық санының өсуіне назар аударды. Азаматтардың сенімдерін пайдалана отырып, қылмыскерлер алдаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Кө­бі­несе ұрланған қаражат шетелге элек­трон­ды төлем жүйелері арқылы шы­ға­рылады. «Осыған байланысты ІІМ ТМД-ға қаты­с­ушы мемлекеттердің Ішкі іс­тер министрлері кеңесінің оты­ры­сын­да елден тыс, шектес мемлекеттер аумағында жасалатын осындай қыл­мыс­­тарға қарсы іс-қимыл тетігін бір­лесіп әзірлеу туралы бастама жасады. Алаяқтық іс-әрекеттер мен түрлі қаржы пирамидаларының қызметінің кесірінен азаматтарға айтарлықтай ма­­териалдық зиян келтіріледі, бұл шұ­ғыл шараларды талап етеді», деді ведомство басшысы.

Есірткі қылмысына қарсы күрес жөнін­дегі жұмыс жеке қаралды. Есірт­кі құралдарын интернет арқылы жарна­ма­лау және тарату үшін жауап­кер­ші­лік күшейтілді. Заңсыз айналымға жедел ден қою және оны болдырмау үшін есірткінің жаңа түрлеріне ты­йым салынады, есірткінің қыл­мыс­тық жауаптылық туындайтын «кри­ми­нал­дық салмағы» төмендетіледі.

Алқа отырысында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету болды. Жол апат­та­рының негізгі себебі – жүр­гізу­ші­лердің жол қауіпсіздігін сақта­ма­уы, олардың кінәсінен әрбір бесінші ЖКО жылдамдықты арттыруға байланысты, әрбір сегізінші ЖКО жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығу немесе жол қиылыстарынан өту себебі бо­­йынша жасалады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің тәртібі мен қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Себебі жалпы ЖКО-ның, оның ішінде өліммен аяқталған және көп адам жарақаттанған ЖКО санының өсуі.

Осыған байланысты Е.Тұрғымбаев жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қыз­мет­терінің бұзушылықтарды жоюды ұйым­дастыруды, жол инфра­құры­лы­мы­на жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар министр бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесін белсенді қолдану және аталған бұзушылықтар үшін жазалаудың бұлтартпастығы қа­ғидатын басым бағыт деп атады.

Бі­рінші кезектегі міндеттер – жеке құ­рам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, кадр саясатын жетілдіру, қоғам мен халықтың сенімінен шығатын полицейдің «жаңа форматын» құру.

Бөлісу:
Қылмысқа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру қажет · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар