Экономика
2 мин оқу 200

Физикалық уран қорына қатысады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазатомөнеркәсіп&raquo; ұлттық атом компаниясы Директорлар кеңесінің ұйғарымымен &laquo;Астана&raquo; халықаралық қаржы орталығының жанындағы ANU Energy OEIC Ltd табиғи уран қорына қатысатыны туралы шешімді қабылдады.</p>

Физикалық уран қорына қатысады

Бұл туралы аталған компания­ның баспасөз қызметі хабарлады. Мұның негізгі мақсаты – уранды ұзақмерзімді инвестиция ретінде сақтау, оның бастапқы сатып алуы қор құрылтайшыларының 50 млн доллар мөлшеріндегі бірлескен инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Қордың инвесторлары «Қазатомөнеркәсіп» (48,5%), «Қазақстан Ұлттық банкінің Ұлт­тық инвестициялық корпорация­сы» АҚ (48,5%) және 3%-ды иеленетін Genchi Global Limited («Қор менеджері») саналады.

Қордың операциялық қыз­меті басталғаннан кейін оны дамы­тудың екінші кезеңі шең­берінде уранның қосымша көлемін сатып алу мақсатында жария немесе жеке орналастыру арқы­лы 500 млн доллар көлеміндегі инвес­тицияны институционалды неме­се жеке инвесторлардан тарту көзделеді. Бұл ретте орна­ластыру параметрлері мен мерзім­дері нарықтық шарттармен айқындалады.

«Қор «Қазатомөнеркәсіптің» уран нарығындағы тәжірибесін және «Ұлттық инвестициялық ко­р­по­ра­циясының» сенімді ин­вес­ти­циялық тарихын бірік­тіріп, АХҚО құралдары ар­қылы ин­вес­торларға уран нары­ғы мен атом өнеркәсібінің тартым­ды ұзақ­мерзімді іргелі мүмкін­дік­теріне тікелей қол жеткізуге жол ашады. Компания барлық мүд­делі тарап үшін ұзақмерзімді на­рық­тық құндылықты құруға бағыт­тал­ған кеңейтілген стратегиясы шеңберінде ANU Energy жобасы бойынша төрт жылдай жұмыс істеген болатын. Ал қордың уран нарығында қыс­қарып бара жатқан ұсыныс жағ­дайында құрылуы барлық стейк­холдерге (мүдделі тарапқа) елеу­лі пайда әкеледі», деді «Қазатом­өнеркәсіптің» бас­қар­ма төрағасы Мәжит Шәріпов.

Таза энергия көздеріне, оның ішінде төмен көміртекті және ми­нималды климаттық әсер­­ге ие атом энергетикасына әлем елдерінің назар аударуы уран өнеркәсібі үшін сенімді кепіл саналады. Алайда соңғы уа­қыт­­та халықаралық және ай­мақ­­тық инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуына қара­мастан табиғи уранға қол жет­кізу екі уран қорымен шектелген болатын. Бұлар – Канададағы Торонто қор биржасы және Лон­дондағы AIM Exchange (Лондон қор биржасының бөлігі) қор биржасы.

АХҚО алаңында құрылған ANU Energy қоры дамушы на­рық­тарға инвестицияларын ба­ғыт­тайтын, әсіресе экология, әлеу­­меттік жауапкершілік және кор­­поративтік басқару (ESG) мә­се­леріне және таза энергияға назар аударатын инвесторлар­дың әрт­үрлі санаттарына, сондай-ақ шикі­зат қорларына, тәуел­сіз қор­ларға және мемлекеттік кәсіп­­­орындарға тікелей қол­жетім­ділікті қамтама­сыз ететін алғашқы уран қорына айналады деген сенім басым.

Бөлісу:
Физикалық уран қорына қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар