Аймақтар
1 мин оқу 242

22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

<p style="text-align: justify;">Елімізде 4-13 қазан аралығында &laquo;Автобус&raquo; жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты &ndash; жолаушылар көлігінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайту, сондай-ақ жүргізушілердің тасымалдау ережелерін сақтауына бақылауды күшейту.</p>

22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Полиция қызметкерлері көліктік бақылау, мемлекеттік кірістер органдарының қызмет­керлерімен бірге автокөлік кәсіпорындары мен жолау­шы­лар тасымалымен айна­лы­сатын кәсіпкерлерді тексер­ді. Ав­тобустардың техни­калық жағ­дайына және жүргізу­шілер­дің жол қозғалысы ереже­лерін сақ­тауына ерекше назар аударылды.

Операцияның 10 күнінде қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан жасалған 22 мыңнан астам (22 326) жол қозғалысы ережелерін бұзушылық, оның ішінде көлікті мас күйінде бас­қарудың 26 фактісі, қарсы жолаққа  шығудың 45, маневр жасау ережелерін бұзудың 4,5 мың (4 569) фактісі анықталды.

Жылдамдық режімін асыр­ғаны үшін 402 жүргізуші жауап­кершілікке тартылды. Сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтаудың 900 фактісі, рейс алдындағы тек­серуден өтпеудің 341 фак­тісі, техникалық байқаудан өт­пеудің 1 845 фактісі, рөлде отырып телефон пайдаланудың 4,5 мың­нан астам (4 562) фактісі тіркелді. Жолаушыларды заң­сыз та­сымалдаудың 308 фак­тісі анық­талды. Автобус парк­терінің 194 ла­уазымды тұлғасы әкімшілік жауап­кершілікке тар­тылды. 106 рұқсат етілмеген тұрақ жабылды.

Бөлісу:
22 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар