Президент
1 мин оқу 324

«Жаңғыру жолы» қозғалысын қайта құрған жөн - Президент

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ассамблея жастармен жүргізілетін жұмысқа баса назар аударуға тиіс. Әрине, бұл салада тәжірибеміз бар. Соны одан ары дамыта берген жөн. Мысалы, Big 7 деп аталған жоба аясында еліміздегі көптеген жастар ұйымы «Жаңғыру жолы» республикалық қоғалысының айналасына топтасты. Олар өңірлердегі жастар ісі жөніндегі кеңестермен және ресурстық орталықтармен байланысын нығайта түсті», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, бұл жұмысқа тың серпін беру керек.

«Осы орайда «Жаңғыру жолы» қозғалысын Ассамблеяның республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құру мүмкіндігін қарастырған жөн», деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
«Жаңғыру жолы» қозғалысын қайта құрған жөн - Президент · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар