Қоғам
1 мин оқу 183

Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде &laquo;Ұлттық рухани жаңғыру&raquo; ұлттық жобасының мақсатын түсіндіру кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді

Министрдің айтуынша, бірінші бағыт - Елбасының бағдарламалық мақаласында қамтылған идеялардың «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ары қарай ілгерілету. Осы орайда мемлдекеттік тілді дамыту міндеті жекелей белгіленген.

«Жалпы, осы блок бойынша 38 жоба жоспарланған. Олардың түпкі мақсаты - ұлттың шығармашылық әрі зияткерлік әлеуетін қолдау мен дамыту. Бұл бағыттың екінші маңызды міндеті – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту. Өйткені, «ұлтты сақтау» дегеніміздің өзі – тілді сақтап, дамыту екені белгілі. Мемлекет басшысы қазақ тілінің болашақта – ұлтаралық тілге айналатынына сенім білдіргенін білесіздер. Оған бүгінде барлық негіз бар. Мемлекеттік тілге деген қоғамның сұранысы артып келеді. Бұл – уақыт талабы», деді А. Балаева.

Осы орайда ол бұл мәселеде бірқатар ауқымды жоба қарастырылып отырғанын жеткізді.

«Атап айтқанда, мемлекеттік тілді оқыту бойынша инновациялық ІТ-өнімдер әзірлеу, танымал анимациялық және танымдық арналарды қазақшалау, орта білім берудің тілге қатысты бағдарламаларына өзгерістер енгізу, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қазақ тіліндегі оқулықтар әзірлеу сияқты жүйелі іс-шаралар бар. Бір сөзбен айтқанда, мақсатымыз – қоғамдағы қазақтілді ортаны барынша кейейту, оны тұрмыста ғана емес, ғылым мен білімнің, бизнес пен әлеуметтің тіліне айналдыру», деді министр.

Бөлісу:
Мемлекеттік тілге қоғамның сұранысы артып келеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар