Отандық фильмдердің үлесі артады
<p style="text-align: justify;">Қазақстанда ұлттық жоба аясында кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 2025 жылға қарай 25%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Еліміздің шығармашылық әлеуетін тікелей қолдау арқылы отандық мәдени өнімдерді өндіру жүйесі құрылады, оның ішінде кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 25%-ға дейін арттыру, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі базасында 40-қа жуық анимациялық фильм шығару, сондай-ақ, шығармашылық келешегі зор талантты тұлғалардың 150 жобасын қолдау», деді Аида Балаева ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, министр «Е-culture.kz», бірыңғай электрондық платформа жобасы туралы айтты, ол отандық мәдениеттің барлық жетістіктеріне еркін режимде онлайн-қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Мысалы, жер шарының кез келген нүктесінен үйден шықпай, біздің мұражай мен театрларға, кітапханаларға және басқа да мәдени көрікті жерлерге баруға болады», деп атап өтті ведомство басшысы.