Таразда төртінші қабатқа қамалған бүлдіршінді құтқарды
<p style="text-align: justify;">Тараз қаласының тұрғыны көпқабатты үйдің төртінші қабатына өрмелеп шығып, балконға қамалып қалған бүлдіршінді құтқарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Таразда кәмелетке толмаған қыз пәтердің балконына шыққан кезде есік жабылып, қайтып кіре алмаған. Сол кезде өтіп бара жатқан жас жігіт жылаған бүлдіршінді көріп, 4-ші қабаттағы үйдің балконына өрмелеп шығып, есікті ашып берген. Жігіт дүкенге кеткен қыздың анасы қайтып келгенге дейін оның жанында болған.
«Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары қыздың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді. Қазіргі уақытта Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің басшылығы жас жігітті марапаттау туралы мәселені қарастыруда», дейді облыстық полиция департаментінің өкілі.