Қоғам
1 мин оқу 684

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 43%-дан асты

<p class="p1"><span class="s1">Елімізде кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің үлесі күн сайын артып келеді. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 21 қазандағы санында журналист Абай Қазбекұлының &laquo;Әйелдер кәсіпкерлігі қолдау тауып жатыр&raquo; мақаласында айтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қазақстандық әйел кәсіпкер­лерді Еуропалық қайта құру және даму банкі жиі қолдайды. Жыл сайын 1 мыңнан астам әйел осы банктен қаржылай қолдау табады.

«Гендерлік теңдік – Қазақ­станның әлеуметтік қана емес, экономикалық өмірінде де өзекті үрдіс. Әйелдердің экономикаға белсенді араласуы елдің дұрыс даму жолында келе жатқанын, әр адамға тең мүмкіндік бері­летінін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстанның шағын және орта бизнесіндегі әйелдер кәсіп­керлігінің үлесі 43 пайызды құрайды» делінген банк хабарламасында.

Статистика бойынша, қазақ­стандық әйелдер несие төлемін кешіктірмеу бойынша да өте мұқият. Елімізде керісінше, ер­лер қауымы несие төлеміне жауап­сыз қарайтын көрінеді. Қазір­гі уақытта Еуропалық қайта құру және даму банкі әйелдер биз­несін өрістету мақсатында микро­қаржы ұйымдары мен жергілікті банктерге мақсатты несие беріп отыр. Қазірге дейін 86,5 млн доллар қаржы бөлінген. Әрине, бұл аз ресурс емес.

Бөлісу:
Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 43%-дан асты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар