Оқиға
1 мин оқу 400

Павлодарда 41 жастағы әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысына қарасты Шарбақты ауданының тұрғыны 41 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен қолға түсті. Оның мәйіті Мичурино ауылы маңынан табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда 41 жастағы әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды

«Кенеттен жоғалған 41 жастағы әйелдің дерегі бойынша жедел қызметкерлер 21 қазан күні сағат 19:30-да Павлодар ауданы Мичурино ауылының шетіндегі орман маңынан зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйітін тапты», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары таратқан мәліметке сәйкес, бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

Департамент өкілдерінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Шарбақты ауданының 32 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Бөлісу:
Павлодарда 41 жастағы әйелді өлтіруі мүмкін күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар