Семейде ер адам 16-қабаттан секіріп кетті
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде Семей тұрғынының 16-қабаттан секіріп кеткендігі жайлы ақпарат тараған болатын, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Тәртіп сақшылары қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды», делінген хабарламада.
Ведомство өкілдерінің дерегінше, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу мәліметтері жария етілмейді.