Бүгін - Халықаралық қар барысы күні
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">23 қазанда әлемде Халықаралық қар барысы күні атап өтіледі. Бұл күн 2013 жылы Бішкектегі қар барысын қорғау туралы өткен дүниежүзілік форумда бекітілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</span></p>
Қар барысы таралу ауқымы мен саны азая бастаған жыртқыш ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде 130-ға жуық қар барысы бар екенін хабарлады.
Олар 9 ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейді: Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Көлсай көлдері, Катон Қарағай, Сайрам-Өгем, Шарын, Алтын Емел МҰТП, Ақсу-Жабағылы және Алматы мемлекеттік табиғи қорықтары.
БҰҰ Даму бағдарламасы аясында «Қар барысын сақтау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспары» әзірленді. Жоспардың мақсаты қар барысының популяциясын ғылыми зерттеу болып табылады.
Фототұзақ арқылы «Алтын-Емел» МҰТП аумағын да қар бырысы мекен ететіні анықталды. Мұнда қар барысының отбасы мекендейді.
Қар барысы 2700-5000 метр биіктікте өмір сүреді. Құйрығының ұзындығы 1 метрге, денесінің ұзындығы 2,1 м жететіндері де кездеседі.
Қар барысы Қытай, Моңғолия, Индия, Непал, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Ресей, Ауғанстан, Бутан, Өзбекстан жерлерінде де кездеседі.
Жер бетіндегі қар барысының жалпы саны 4-6 мың аралығында.