Спорт
1 мин оқу 224
Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық теннисші Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Жүлде қоры 80 мың АҚШ долларын құрайтын жарыстың ширек финалында доданың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс америкалық Виктория Дювальмен күш сынасты.
Қазақстандық теннисші 1 сағат 16 минутқа созылған кездесуде 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Зарина финалға шығу үшін әлемнің 94-ракеткасы, америкалық Мария Беатриспен таласады.
Бөлісу: