Аймақтар
1 мин оқу 240

ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 1000 тоннадан астам пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қазанда сағат 15:43-те Бесқарағай ауданындағы Жандос ауылының шетінде жиналған 1028 тонна пішен өртенген. От шаруашылық қора-жайдың ағаш құрылымдарына тарады.

«Құтқарушылар мен орманшылар оқиға орнына шұғыл келіп жеткен. Бірлескен үйлесімді іс-қимылдың арқасында 788 шаршы метр алаңдағы өрт 23 қазан күні сағат 10.10-да сөндірілді. ​Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 техника және 2 трактор жұмылдырылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.​

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығу себебі - жем-шөпті жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Бөлісу:
ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар