Әлем
1 мин оқу 453

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болды

<p style="text-align: justify;">Сенбіде Қытайдың Орталық теледидары Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы химзаводтағы жарылыс салдарынан төрт адам қайтыс болып, үшеуі зардап шеккенін хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарылыс жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-де Алашан аймағындағы «Баин Аобао» өнеркәсіптік паркіндегі Zhongguo Chemical компаниясының зауытында болды.

Өрт 23:50-де ауыздықталып, барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Олардың біреуі ауыр жағдайда жатса, екеуі жеңіл жарақат алды.

Өрттің себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар