Қазақстан
1 мин оқу 592

Ертең ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК-ға сілтеме жасап.</p>

«Орталық Азия аумағын алып жатқан Батыс антициклоны Қазақстан аумағында ықпал етуін жалғастыруда. Елдің солтүстік өңірлерін, шығыс және батыс бөлігін қоспағанда, жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының көтерілуі күтіледі, мұнда ауа-райының тұрақсыздығы, жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі күтілетін фронтальды аймақтың әсері сақталады» делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Синоптиктердің болжамынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-батыста, Қостанай облысының шығысында, Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде 15-20 м/с дейін жел күшейеді, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандары мен оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Бөлісу: