Президент
1 мин оқу 410
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтың шақыруымен Ашхабадқа мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли <a href="https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=4308036072653125&id=100003403233694" target="_blank" rel="noopener noreferrer">мәлімдеді</a>, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа келді.
Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады», деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында.

Бөлісу: