Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 25 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Фронталды аумақтың әсерінен республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жел күшейеді, тұман күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырауда, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарын тұман басуы мүмкін.