Оқиға
1 мин оқу 293

БҚО-да жол апатынан екі адам өртеніп кетті

<p style="text-align: justify;">Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік те өртенген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің Г есімді жүргізуші мен оның С есімді 1991 жылы туған жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приора автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушының денелері алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Бөлісу:
БҚО-да жол апатынан екі адам өртеніп кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар