Әлем
1 мин оқу 253
Үндістанда толассыз жауған қардан 11 адам қаза тапты
<p style="text-align: justify;">Үндістан тауларында қатты қар мен қолайсыз ауа райы салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды. Оның ішінде туристер, тасушылар және гидтер бар. Жоғалған адамдарды іздеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы NDTV телеарнасы мәлім етті.
Әуе күштері Уттаракхандтағы Ламхага асуында теңіз деңгейінен бес шақырымнан аса биіктікте ауқымды құтқару операциясын бастады. Онда 18 қазанда 17 саяхатшы адасып кеткен. Кейбіреуінің денесі ең қауіпті өткелдердің бірінен табылып, құтқарушылар полицияға берді.
Бөлісу: