Жекпе-жек
1 мин оқу 150

Агапова UFC-мен жұмысын жалғастыруға ниетті

<p style="text-align: justify;">Аралас жекпе-жектен UFC тарихындағы алғашқы қазақстандық жауынгер қыз Мария Агапова (10-2) әлемдегі әйгілі промоушенмен жұмысын жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Агапова UFC-мен жұмысын жалғастыруға ниетті

Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Жаңа келісімшартты күтіп жүрген жайым бар», деген жазба қалдырды.

Мария Агапова UFC-де 2020 жылдың маусым айында дебюттік жекпе-жегіне шыққан болатын. Алғашқы шайқасында ол бірінші раундта америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген. Кейін Мария тағы бір америкалық Шейна Добсонға есе жіберді.

Бұдан соң ол UFC-де екінші мәрте жеңіске жетті. Үшінші раундта қазақстандық спортшы колумбиялық Сабин Мазоны (9-3) нокдаунға жіберді, содан кейін оны тұншықтырып, қарсыласын өз еркімен берілуге мәжбүрледі.

Бөлісу:
Агапова UFC-мен жұмысын жалғастыруға ниетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар