Аймақтар
1 мин оқу 290

Түркістандық қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түркістан облысының Мақтарал аудандық полиция бөліміне Шардара ауданының тұрғындары арызданып, жас қызға алданып қалғанын айтқан. Күдікті қыз букмекерлік ойын арқылы ақшаны бірнеше есеге көбейтіп беремін деп, олардан 8 миллион теңге алған, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Түркістандық қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен

Алданған тұрғындардың сөзінше, жас қыз олармен WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, «ұтымды ұсыныс» айтқан. Әйелдер оның банк картасына 1 млн теңге жіберген. Содан кейін күдіктінің телефоны өшіп, ізім-ғайым жоғалған. Алданғанын түсінген тұрғындар дереу полицияға шағымданыпты.

Тәртіп сақшылары күдіктіні банк картасының мәліметтері бойынша анықтап, қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын – жас қыз болып шықты. Тергеу барысында қыздың бұдан да басқа алаяқтық қылмыстарға қатысы бары анықталды. Ол «ақшаңды букмекерлік ойындар арқылы еселеп көбейтіп беремін» деп, тұрғындардан 50 000 – 800 000 теңге аралығында алып отырған. Келтірілген барлық шығынның көлемі әзірге 8 млн теңгені құрады.

Бөлісу:
Түркістандық қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар