Коронавирус
1 мин оқу 230
Алматыда коронавирус жұқтырған оқушылар саны артқан
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында жасөспірімдер жиі коронавирус дертіне шалдыға бастаған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда жыл басынан бері 14 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам оқушы коронавирус індетін жұқтырған. Шаһардың қоғамдық денсаулық басқармасы таратқан мәліметтерге сенсек, балалар арасында коронавирус жұқтырғандар өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.
«Тоғыз айда 14 жасқа дейінгі балалар арасында 3438 КВИ жағдайы тіркелген. 2020 жылдың есепті кезеңінде коронавирусты жұқтырудың 363 жағдайы тіркелген болатын», дейді басқарма өкілдері.
Бөлісу: