Аймақтар
1 мин оқу 285

Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысып, екі адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолының Ақтөбе қаласы Украинка ауылы маңында болды. «Lada-219410» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Украинка ауылына қарай бағыт алып, жол ережесін бұзды. Сол кезде экскаватормен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada-219410» автокөлігінің екі жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бөлісу:
Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар