Әлем
1 мин оқу 370

Судан Республикасының Премьер-министрі қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Судан әскери шенеуніктерінің тобы дүйсенбі күні таңертең Премьер-министр Абдулла Хамдук пен елдің коалициялық үкіметінің серіктестерін қамауға алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұсталғандардың арасында премьер-министр Хамдук пен биліктегі «Бостандық пен өзгеріс альянсы» коалициясының жетекшілері бар. 

Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауынша, биліктегі ​​коалиция жетекшілері тұтқындалғаннан кейін Хартумның бірнеше ауданында наразылық шерулері басталып, демонстранттар дөңгелектерді өртеп, жолдарды жауып тастаған. 

Елде интернет пен ұялы байланыс жұмысы нашарлаған.

Бөлісу:
Судан Республикасының Премьер-министрі қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар