Оқиға
1 мин оқу 173

Төбесіне металл құлаған астаналық әйел ауыр халде

<p style="text-align: justify;">Елордада дәрігерлер төбесіне металл конструкция құлаған әйелдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазіргі уақытта науқас өте ауыр халде реанимация бөлімінде жатыр. Пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетсек, 22 қазан күні Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкциясы құлады. Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті.

Сондай-ақ, қалалық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалының басталғанын хабарлады.

Бөлісу:
Төбесіне металл құлаған астаналық әйел ауыр халде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар