Спорт
1 мин оқу 143

Әлем чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Кеше Сербияның астанасы &ndash; Бел&shy;градта әлем чемпионаты басталып, Қазақстанның екі боксшысы шар&shy;шы алаңға шықты. Олар &ndash; Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов.</p>

Әлем чемпионаты басталды

57 кг салмақтағы Теміржанов моң­ғо­лиялық Энх-Амар Хархуумен қолғап түйіс­тірсе, 67 кг салмақтағы Жүсіпов тай­­пей­лік Ю Линьмен күш сынасты. Биыл То­кио Олимпиадасында өнер көрсеткен был­­ғары қолғап шеберлеріміздің қалай жұ­ды­рықтасқаны жайында газетіміздің ке­лесі санында баяндаймыз. Бүгін Сәкен Бибо­сынов (51 кг) Өзбекстанның даңқты бокс­шысы Хасанбой Дусматовпен кездессе, Нұр­қанат Райыс (75 кило) черногориялық Стефан Сав­ковичпен сайысқа түседі. Ертең Аслан­бек Шымбергенов ирандық Фарах Моради Аташ­гахпен, ал Бек Нұрмағамбет (86 кг) бра­зи­лиялық Кено Мачадомен жұдырық­тасады.

Одан кейінгі күндері де біздің жуан жұды­рықты жігіттеріміз шаршы алаңға шығады.

Бөлісу:
Әлем чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар