Спорт
1 мин оқу 202

Дүниежүзілік рейтинг жаңарды

<p style="text-align: justify;">Теннисшілердің дүниежүзілік рейтингі қайта жаңартылды. Ерлер мен әйел&shy;дер&shy;ді қоса алғанда, қазіргі кезде Қазақ&shy;&shy;станның төрт өкілі &laquo;ТОП-100&raquo; ойын&shy;шының қатарында еніп отыр.</p>

Дүниежүзілік рейтинг жаңарды

Жерлестеріміздің арасында ең үздік көр­сеткіш Елена Рыбакинаға тиесілі. Жуыр­­да Мәскеуде өткен Кремль кубогы үшін жарыстағы сәтсіздігінен кейін ол екі сатыға төмендеп, 19-орынды ие­ленуде. Аталған турнирдің үшінші кезе­­­ңіне дейін жеткен Юлия Путинцева 44-орынға тұрақтаса, Зарина Диас «ТОП-100» теннисшінің қатарына қайта қо­сыл­ды. Ес­теріңізге сала кетейік, За­ри­на күні кеше ғана АҚШ-та өткен тур­нир­дің фи­налына шығып, шешуші тұста жер­гілікті теннисші Мэдисон Бренгл­ден жеңілген болатын. Ал WTA рей­тин­гін­дегі үздіктер көшін аус­тра­лиялық Эшли Барти бастап тұр. Одан кейінгі са­­ты­ларға Белоруссияның бет­ке ұстары Арина Соболенко, Чехияның қос мық­тысы – Каролина Плишкова мен Бар­бора Крей­чикова және испаниялық Гарбинье Мугуруса жайғасты.

АТР рейтингінде Сербияның саңлағы Новак Джоковичке тең келер ешкім табылар емес. Оны ресейлік Даниил Медведев өкшелеп келеді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында грекиялық Стефанос Циципас, германиялық Александр Зверев және ис­па­ниялық Рафаэль Надаль бар. Ал қазақ­­стан­дықтар арасында тек Александр Буб­лик­тің ғана қарқыны жаман емес. Бұл күндері ол 34-орында.

Бөлісу:
Дүниежүзілік рейтинг жаңарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар