Спорт
1 мин оқу 255

Головкин желілік чемпион атағын жеңу мүмкіндігіне ие болды

<p style="text-align: justify;">Ringnews24.com пен Grueling Truth бокс шолушысы Джеремая Прейссер&nbsp;IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин WBC титулының иегері Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуі керектігін жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Sports.kz хабарлағандай, бұған дейін американдық боксшы Геннадий Головкинге белдіктерін біріктіретін уақыт келді деп дау айтқан болатын.

«Бұл жекпе-жек міндетті түрде болуы керек. Головкиннің орта салмақтағы желілік чемпион атануға мүмкіндігі бар және ол оны пайдалануы тиіс. Мен осылай болады деп үміттенемін», деп жазды Прейссер Twitter-де.

Айта кетсек, желілік чемпион атағы бейресми және құрметті болып саналады. Желілік чемпион - бұл өзінің салмақ дәрежесінің ең мықты өкілін жеңген боксшы. Бұл мәртебе осы немесе басқа дивизионның бірінші және екінші нөмірлерінің жекпе-жегінде ойналады.

GGG келесі жекпе-жегін жыл соңында Жапонияда әлем чемпионы Риота Муратаға қарсы өткізбек.

Бөлісу:
Головкин желілік чемпион атағын жеңу мүмкіндігіне ие болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар