Қазақстан
1 мин оқу 685

Кәрім Мәсімов: Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы кітап шығады

<p style="text-align: justify;">Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен &laquo;Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар&raquo;, &laquo;Мемлекеттік шекара&raquo; кітаптары басылымға дайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Кітаптар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндайды.

Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен фактілер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған.

Бөлісу:
Кәрім Мәсімов: Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері туралы кітап шығады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар