Оралда 10 жасар қызды көлік қағып кетті
<p style="text-align: justify;">Орал қаласында көлік жүргізушісі 10 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

26 қазан күні сағат 10:00 шамасында «Toyota Prado» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі 10 жасар қызды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Алайда жасөспірім сол жерде қайтыс болды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Мәселенің мән-жайы толық зерделенбек.
Қазір дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайды анықтау барысында қыздың дүкеннен үйіне қайтып бара жатқаны белгілі болған.