Аймақтар
1 мин оқу 1,230

Ақмола облысында мектеп өртенді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақмола облысындағы мектептердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></span></p>

«26 қазан күні түнде Зеренді ауылының мектебінде 40 шаршы метр алаңда жаттығу кабинеті өртенді. Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 шаршы метрді құрады», деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өрттің себептері анықталып жатқанын атап өтті.

Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқу үдерісі апта соңына дейін онлайн-режимге өтеді.

Оқиға орнында Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.

Бөлісу:
Ақмола облысында мектеп өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар