Медицина
2 мин оқу 834

Сәбиі шетінеген аналарға сүйеу болмақ

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Әрдайым жауапты мекемелер босану үстінде көз жұматын аналардың өлімін азайту үшін нақты қадамдарға барып, отбасын жоспарлау кабинеттері жұмысының тиімділігін арттыру үшін әрекет жасап жатады. Дегенмен бұл мақсатқа жету, жүйені өзгерту &ndash; күш жұмылдыруды, қолға алынған шараларды жетілдіруді талап етеді.</p>

Сәбиі шетінеген аналарға сүйеу болмақ

Алматыда қашықтан бақылау ар­қылы бастапқы медициналық-сани­тарлық көмек көрсету деңгейінде тәуе­кел тобындағы жүкті әйелдерге мониторинг жүргізу үшін аудандарда­ғы үйлестірушілер қаланың бас акушер-гинекологын тағайындап, жүкті әйелдерге медициналық көмектің сапасын арттыру міндетін жүктеп отыр. Яғни әйелдер консультациясы және отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысына мониторинг жүргізіледі. Сондай-ақ жүкті әйелдерді бағыттау алгоритмдері және төтенше жағдай­лар кезіндегі әрекеттер жасалды. Бірін­­ші басшылардың жеке жауапкершілігі күшейтілді. Көпбейінді стационарларды босандыру ұйымдарымен клас­т­ер форматында біріктіру жос­пар­ланған.

Перзентханаларда кадрлар тапшы­лығын жою және олардың біліктілігін арттыру мақсатында резидентурада 2021-2023 оқу жылдары 6 акушер-гинеколог, 2022-2024 жылдары 4 маман арнаулы даярлықтан өтеді.

Қала әкімі Бақытжан Сағын­таев перзентханалардың материал­дық-техникалық базасын жақ­сар­ту мінде­тін алға қойды. Бұл үшін биыл және келесі жылдары қажетті жаб­дықтар сатып алынып, 2023-2024 жыл­дары перзентханаларға заманауи сору-сыртқа тарату желдеткішін орната отырып, кезең-кезеңімен реконструкциялау қарастырылған.

Сол сияқты перинаталдық жоғалту жағдайында психологиялық және бас­қалай көмек беретін телеграм-чат іске қосылды. Өйткені өмірге жаңа адамдар келуімен қатар, бала өлімі немесе перинаталдық жоғалтулар кезеңдері жайлы естіп жатамыз. Ша­ра­надан айырылу – ата-аналарға, әсіресе, әйел адамдарға өте ауыр қасі­рет. Осы­ның салдарынан қайғылы жағдай орын алуы мүмкін. Мәселен, пси­холо­гия­лық тұрғыда күйзеліс, торығу немесе айналадағы тағы басқа факторлар моралдық тұрғыда анаға кей жағ­дайда кері әсерін тигізіп жатады.

Осындай жағдайларға байла­нысты Алматы қаласы Медеу ауданының «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы мәселені шешу жолында қазан айында орталықта арнайы құрылған телеграм-чаттың тұсаукесерін өткіз­ген еді. Бұл басқосуды пайдала­нып, «Қалалық перинаталдық орта­лық» директорының неонатология жөніндегі орынбасары Гүлайым Бай­та­натова, клиникалық психолог Елена Акчалова, №2 «Балалар үйінің» директоры Ләтипа Қожамқұлова мен Медеу ауданы «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының жетекшісі Толқын Саметова осы тақырыпты аналармен бірге талқылады.

Кездесу кезінде жаңа туған сәби­лердің шетінеуі, осындай жағдайға душар болған әке-шешелерге бот арқылы психологиялық және дәрігерлік кө­мек беру, ана атану жолындағы ұқып­ты әрі сапалы психологиялық сүйемелдеу, ананың өзін қауіпсіздік сезінуі мәселелері қаралды. Яғни осы мәселелерді шешуде басты кө­мекші құрал ретінде телеграм-чат­тың енгізілуі көзделген. Өйткені қосымшадағы психологпен немесе дәрігермен 24/7 тәулік бойынша консультация алу және оның анонимді болуы – таптырмас құрал. Сондай-ақ осынау бастама чатты қолданушының тұрғылықты мекенжайы, материалдық жағдайына қарамай, сапалы әрі өте пайдалы қолдау алуға көмек беруді көздейді.

Бөлісу:
Сәбиі шетінеген аналарға сүйеу болмақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар