Тарих
2 мин оқу 675

Ұлт тарихын ұлықтаған туындылар

<p style="text-align: justify;">Мемлекеттік орталық музейде &laquo;Көшпенділер&raquo; трилогиясы &ndash; &laquo;Тәуелсіздік жаршысы&raquo; атты көрме ашылды. Жобаны музей ұжымы Ілияс Есенберлин қорымен бірлесе ұйымдастырды.</p>

Ұлт тарихын ұлықтаған туындылар

Биыл тарихымызды таразы­ла­ған іргелі туындының жа­­рық­қа шық­­­­қанына елу жыл тол­­ды. Осыған орай көрме аясын­­да Ілияс Есенберлиннің 6 томдық толық шығармалар жи­на­ғы­­ның тұсаукесері өтті. Басы­лым­­ға жа­зушының барлық шы­­ғармасы, оның ішінде «Көш­­пенділер» және «Алтын Ор­да» тарихи эпопеялары, соны­мен қатар кеңестік кезеңде жа­рық көрмей қалған романда­ры да еніп отыр. Айту­лы еңбек Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Нұрлан Смағұлов қоры және «Монтажспецстрой» АҚ қол­дау­ла­рымен жарық көрген.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның ха­лық жазушысы, ақын Олжас Сүлей­менов, Мемлекеттік орталық музе­йінің директоры Нұрсан Әлім­­бай, Атбасар қаласындағы Ілияс Есен­берлин музейінің дирек­торы Ұлбосын Данияр­қы­­зы, І.Есен­берлин атындағы №25 гим­­на­­зияның ұстаздары қатысты. Жазу­шының отбасы атынан не­мересі Мәди Есенберлин сөз сөй­­леді. Тағылымды іс-шара­да көр­некті қаламгердің еңбек жолы, шы­ғармалары мен өмірі жай­­лы өзекті ойлар айтылып, Есен­­берлин еңбектерінің  ұрпақ тәр­бие­сіндегі маңыздылығы атап өтілді. 

– Тарихи романның идея­лық көркемдік биігі жоғары. Хал­­қымыздың сан ғасырлық тағ­­дырын кестелі тілмен бей­не­леген шығарма уақыт өткен са­йын өзі­нің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Жалпы, Ілияс Есен­бер­лин мұ­расы ұлт әдебиеті мен мәде­ниетінің баға жетпес қазынасы. Бү­гінгі көрмеде тағылымды тұлғаның өмір белестерінен сыр шертетін құнды жәдігерлер көп­­шілік назарына ұсынылды. Бұл өскелең ұрпақты ата баба өмірінен тағы­лым алып, ұлтының тарихын жадында зерделеуге шақырады деп сенеміз, – дейді Нұрсан Әлімбай.

а

АЛМАТЫ

Бөлісу:
Ұлт тарихын ұлықтаған туындылар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар