Коронавирус
1 мин оқу 270

Қазақстанда 8,2 млн адам вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанда 8,2 млн адам вакцина салдырды

27 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентті 8 212 313 адам, II компонентті 7 393 113 адам салдырды.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қаладағы 989 921 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 931 567 адам екінші компонентін алған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 963 899 адам коронавирус вакцинасының І компонентін, 870 789 адам ІІ компонентін салдырған.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 860 074 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 757 733 адам екінші бөлігін қабылдаған.

Бөлісу:
Қазақстанда 8,2 млн адам вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар